Хабарландыру

Төменгі лауазым болып табылатын «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарың бос және уақытша бос төменгі орындарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы «Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасы» ММ-нің хабарламасы

Төменгі лауазым болып табылатын «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік  лауазымдарың бос және уақытша бос төменгі орындарына  орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы «Қарағанды облысы денсаулық сақтау  басқармасы» ММ-нің   хабарламасы

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

D-О-4 санатына: Жоғары білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда  № 14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы   13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына  үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес (Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 10 мамырдағы №98 бұйрығымен бекітілген енгізілген өзгерістер мен толықтырулар).

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалықысы:

Санат

Жұмыс өтіліне байланысты лауазымдық жалақы

min

max

D-О-4

83282

112431

«Қарағанды облысы денсаулық сақтау  басқармасы» ММ(100000,  Қарағанды қ. Алиханов көшесі 2; анықтама телефоны: 8 (7212) 41-14-12, факс: 8 (7212) 41-14-17; электрондық пошта: info@zdravkrg.kz)әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос және уақытша бос орындарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

1.«Қарағанды облысы денсаулық сақтау  басқармасы» ММ бухгалтерлік есеп бөлімінің бас маманы-бухгалтері (D-O-4 санаты, 1 бірлік,  №010-04):

Функционалдық міндеттері:Есепке алу саясаты бойынша құжаттарды әзірлеуге қатысу, облыстық денсаулық сақтау ұйымдарында бухгалтерлік қызметіне әдістемелік басшылық жасау. Ведомстволық бағыныстағы медицина ұйымдарына ҚЕХС және ҚЕХС ҚС бағдарламалары бойынша есепке алуды жүргізу бойынша бақылау жасау және практикалық көмек көрсетуді қамтамасыз ету.  Денсаулық сақтау ұйымдарында бухгалтерлік есепке алуда мүлік қозғалысының уақытылы көрініс табуын қадағалау. Таратқанда баланстарды қабылдау, беру, қайта ұйымдастырғанда баланстарды бөлу,  облыстық денсаулық сақтау ұйымдарын біріктіргенде баланстарды қосуды іске асыру.  Облыстық денсаулық сақтау ұйымдарының тоқсан сайын есептерін қабылдау және тексеру, бухгалтерлік есепке алудың барлық шоттары бойынша тапсырылған баланс негізінде деректерді енгізу.  Облыстық денсаулық сақтау ұйымдары бойынша бухгалтерлік баланстың жалпы жинақтау жүргізу, облыстық медицина ұйымдарының несиелік/дебиторлық борыштарын болдырмауды талдау және бақылау. Облыстық денсаулық сақтау ұйымдарында түгендеу жүргізуге даярлық жасау. Басқарма аппараты бойынша есеп және есептілік жүргізу, бухгалтерлік есепке алуда барлық операциялардың, шаруашылық операциялардың хронологиялық және уақытылы тіркелуінің көрініс табуын қамтамасыз ету. Ай сайын бас кітаптың синтетикалық шоттарын сәйкестендіру, Басқарма аппараты шығындары бойынша шарттарды тіркеуге өтінімдер және төлем тапсырмасын құрастыру.  №1 1-С бухгалтерия деректерін қалыптандыру, ауысу сенімхаттарын есепке алу, тіркеу және көшірмесін беру. Мемлекеттік тапсырыс бойынша шарттарды ресімдеу, бағдарламалар қимасында, Бірыңғай экономикалық жіктеменің бюджеттік бағдарламалары бойынша кредиторлық берешек бойынша есептілікті тапсыру.  Нысаналы ағымдағы трансферттер және дамытуға арналған трансферттердің және экономикалық жіктеменің  спецификалары, кіші бағдарламалары, бағдарламалары бойынша орындалған жұмыстар актісі негізінде денсаулық сақтау ұйымдарын ТМККК шегінде қаржыландыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «Экономика және бизнес» мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Халыққа кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсету туралы» Қаулысын,  «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.

2.«Қарағанды облысы денсаулық сақтау  басқармасы» ана мен баланы қорғау бөлімінің бас маман-педиатры  (1 бірлік, №06-03, D-O-4 санаты):

Функционалдық міндеттері:Облыс халқына амбулаториялық-емханалық және стационарлық деңгейлерде көрсетілетін педиатриялық көмекті үйлестіру. Вертикальді бағдарламалардың орындалуын үйлестіру және басшылық жасау. Амбулоториялық және стационарлық деңгейлерде ана мен баланы қорғау бойынша статистикалық көрсеткіштерді талдау, оның ішінде бала өлім-жітімділігін талдау. Олардың сапасын жақсарту үшін шаралар қабылдау. Облыстың балалар және жасөспірімдеріне амбулаториялық және  стационарлық деңгейлерде ТМККК қамтамасыз етуді үйлестіру және бақылау. Ана мен бала өлім-жітімділігінің алдын алу жөніндегі Штабтың отырысына, медициналық Кеңестерге, ҚР ДСМ және облыстың денсаулық сақтау басқармасының Алқасына материалдарды дайындауды ұйымдастыру және қатысу. Педиатрия бойынша емдеу-профилактикалық Кеңестерді ұйымдастыру және жүргізу. Амбулаториялық деңгейде дәрілік препараттарға, оның ішінде балалар мен жасөспірімдерді тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге өтінімдерді сараптау. Облыстың МСАК ұйымдарындағы бір және бес жасқа дейінгі балаларға бақылау жасауды үйлестіру және мониторингі. Балалар мен жасөспірімдерді профилактикалық медициналық байқаудан өткізуді үйлестіру және мониторингі. Балалар мен жасөспірімдерді емдеу және диагностикасы үшін телемедицинаны пайдалану мониторингін үйлестіру. Республикалық медициналық және оңалту орталықтарына емдеу және оңалтуға жолдау үшін балаларды негіздемелі іріктеу және  нысаналы пайдалануды ұйымдастыру және үйлестіру.  Ауру балалар мен жасөспірімдерді амбулаторлық деңгейде емдеу және оңалту, диагностикалаудың заманауи жоғарытехнологиялық формаларын енгізуді үйлестіру. Педиатрия бойынша шеберлік сабақтарын ұйымдастыру. МСАК ұйымдарындағы және балалар стационарларындағы педиатриялық және жасөспірім кабинеттерінде медициналық жабдықтардың, дәрілік заттардың және медициналық кадрлардың оңтайлы пайдаланылу мониторингін жүзеге асыру. Облыстың медициналық ұйымдарының мамандарын тартумен балалар және жасөспірімдерге шұғыл және жедел көмек көрсетуді үйлестіру. Облыс халқына мамандандырылған және білікті стационарлық көмек, шұғыл және жедел педиатриялық көмек көрсетуді жетілдіру механизмдерін әзірлеу. Балалар стационарларына барумен жұмысын тексереді. 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «Денсаулық сақтау» мамандықтары бойынша (емдеу ісі, «педиатрия» мамандығының сертификаты болған жағдайда жалпы медицина); Қазақстан Республикасының «Әкімшілік процедуралар туралы» Заңын,“Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы” Заңының, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару», Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Халыққа кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсету туралы» Қаулысын,  «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.

3. «Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасы» ММэкономикалық жоспарлау бөлімінің бас маманы –экономисті (санаты D-O-4, 1 бірлік, №08-04, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыста болу кезеңіне 2019 жылғы 22 маусымына дейін):

Функционалдық міндеттері:Денсаулық сақтау саласы бюджетін жоспарлау және қалыптастыру бойынша жобалар жасау үшін шығыс деректерді даярлау.  Облыстық медицина мекемелерінің қызметіне экономикалық талдау жасауды жүзеге асыру.  Айыққан бір науқастың тамақтану құнын талдау,  облыстық медицина ұйымдарын қаржыландыру жоспарын бекіту. Шығындар сметасын талдау және мониторингі, облыстық медицина ұйымдарының бюджеттік қаражатын бөлу тиімділігін талдау, мемлекеттік мекемелердің даму жоспарын құрастыруды талдау. Бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалануды болдырмауға жүйелі түрде бақылау жасау. Емдеу-профилактикалық ұйымдарда өз бөлімі бойынша өз құзыреті шегінде басшылық жасау. Нормативтік-құқықтық актілер негізінде РБ және ЖБ бойынша бюджеттік өтінімдерді жасау. Сандық және бағалық көрсеткіштерді есепке ала отырып, бюджеттік бағдарламалардың шығындары бойынша есептерді талдау. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру нәтижесінде мемлекетпен көрсетілген қызметтер бірлігіне кеткен шығындар динамикасын талдау.  Қаржылық көрсеткіштерді аймақтың даму Жоспарына, денсаулық сақтау саласының Стратегиялық жоспарына, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» Мемлекеттік бағдарламасына енгізу. РБ нысаналы трансферттерді келісу және есептеуді жасау. Жоспарлаудың негізгі параметрлері және индикаторларын,медициналық көмек түрлері бойынша көлемді орналастыруды,мемлекеттік тапсырыс бойынша базалық ставкаларды калькуляциялық есептеуді құрастыруды  анықтау. Облыстық медицина ұйымдарының  қызметін кешенді экономикалық талдауды ұйымдастыру және бақылау. Облыстың мемлекеттік мекемелерінде міндеттер және төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарын құрастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

4.«Қарағанды облысы денсаулық сақтау  басқармасы» ММ қоғамдық денсаулық қызметі бас маман (санаты D-O-4, 1 бірлік. №012-03):

Функционалдық міндеттері:Облыста азаматтар денсаулығын қорғау саласында мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыруды, қоғамдық денсаулықты қорғау сұрақтары бойынша ведомствоаралық және сектораралық өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді (ауруларды басқару, профилактика,  салауатты өмір салтын қалыптастыру), облыстың медициналық ұйымдарының қызметін үйлестіру, талдау, бақылауды жүзеге асырады, Мемлекеттік бағдарламалар, Республика заңнамасын орындауды қамтамасыз етеді. Медициналық ұйымдардың қызметін аурулар профилактикасы, эпидемиологиялық мониторинг және қоғамдық денсаулықты қорғау сұрақтары бойынша үйлестіру бойынша жұмыс жасайды. Облыстағы эпидемиологиялық ахуалға талдау жүргізеді. Облыс халқына профилактикалық көмек көрсету бойынша медициналық ұйымдарға әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді. Медициналық, үкіметтік емес ұйымдар, басқа мемлекеттік органдармен, оның ішінде жастар денсаулық орталықтары арқылы эпидемиологиялық қауіпсіздік және қоғамдық денсаулықты қорғау сұрақтары бойынша өзара іс-қимыл жасайды. Репродуктивті және сексуалдық денсаулық сұрақтары бойынша кеңес береді. Әлеуметтік-маңызды аурулардан өлім-жітімге, аурушаңдыққа талдау жүргізеді, оны төмендету бойынша шаралар мен іс-шаралар қабылдайды. Тәжірибеге қоғамдық денсаулықтың профилактикасы, диагностикасы және қорғаудың жаңа тәсілдерін енгізуді жүзеге асырады.  Облыс бойынша профпатологиялық қызметті бақылайды, мониторинг жүргізеді. Облыстық медициналық ұйымдардың қоғамдық денсаулықты қорғау мақсатында скринингтік іс-шаралар, профилактикалық тексерулер, АІИ профилактикасы, иммундық-профилактикалық іс-шаралар жүргізу  сапасына бақылау жасайды. Материалдар дайындау және денсаулықты қорғау жөнінде Үйлестіру Кеңесін және басқа да консультативтік-кеңесші органдар өткізуді ұйымдастырады. Қоғамдар отырысын, семинарлар, конференциялар ұйымдастырады және өткізеді. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінен, облыс әкімдігінен, облыс басқармаларынан келіп түсетін профилактикалық, эпидемиологиялық және басқа көмек көрсету бойынша  құжаттарды орындайды. Басшының бұйрықтарын, жоғары тұрған органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыреті шегінде шығарылған шешімдері мен нұсқауларын орындайды. Аумақтарды дамыту Жоспарының, «Денсаулық» бағдарламасының, денсаулық сақтау саласын жаңарту бойынша Жол картасының іс-шараларын әзірлеуге қатысады және орындалуын қамтамасыз етеді. Бөлім қызметінің бағыттарын бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастырады. Талдаулар мен есептерді жоғары тұрған органдарға уақытылы және сапалы тапсыруды бақылайды. Номенклатуралық папкалар жүргізуді қамтамасыз етеді. Облыста профилактикалық екпеден бас тарту мониторингін жүргізеді, облыс бойынша профилактикалық екпелердің жылдық жоспарын құрастырады. Мүдделер қақтығысына жол бермеу бойынша шаралар қабылдайды. Ішкі еңбек тәртібін сақтайды. Халық денсаулығын нығайту, инфекциялық және инфекциялық емес аурулар профилактикасы,  оның ішінде денсаулық бұзылыстарын ерте анықтау, ауруларды басқару бағдарламасын атқару.  Стигма, аурушаңдықты төмендету, бәсекеге қабілеттіліктің ғалами индексі көрсеткіштерін жақсарту мақсатында АИТВ/ЖИТС, туберкулез профилактикасы туралы хабардарлыққа мониторинг жасайды. Мінез-құлық қауіп факторларының (алкоголизм, темекі тарту, тиімсіз тамақтану, дененің артық салмағы, төмен физикалық белсенділік) профилактикасын бақылайды. Аурулар скринингі, профилактикасы және басқару арасындағы байланысты күшейту бойынша жұмысты ұйымдастырады. БАҚ-да салауатты өмір салтын насихаттау бойынша жұмысты ұйымдастырады, о.і. халық арасында салауатты өмір салты және скринингтер бойынша ақпараттық-түсіндіру науқандарын жүргізеді. Ақпараттық материалдарды интернет ресурстарда орналастыруға бақылау жасайды. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жасайды, денсаулық сақтау ұйымдарымен және т.б. қатынас-хат.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, облыстың денсаулық сақтау басқармасы басшысының бұйрықтарымен жүктелген басқа да міндеттерді өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі - жоғары «денсаулық сақтау» мамандықтары бойынша (емдеу ісі, жалпы медицина, қоғамдық денсаулық сақтау); Қазақстан Республикасының «Әкімшілік процедуралар туралы» Заңын,“Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы” Заңының, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару», Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Халыққа кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсету туралы» Қаулысын,  «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.

5.«Қарағанды облысы денсаулық сақтау  басқармасы» ММ экономикалық жоспарлау бөлімінің бас маманы –экономисті (санаты D-O-4, 1 бірлік. №08-03):

Функционалдық міндеттері: ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақылы қызметтері бойынша есептерұсынады. Облыстық Денсаулық сақтау  ұйымдарында көрсетілетін ақылы қазмет түрлері бойынша сараптама және мониторинг жүргізеді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне жұмыс бойынша есеп ұсынады.  Ағымдағы мақсатты трансферттер түрлері бойынша  мониторинг жүргізеді, атап айтқанда көшпелі медициналық кешендердың қызмет етуі бойынша. Шаруашылық жүргізу құқығындағы денсаулық сақтау  ұйымдарының басшыларының лауазымдық еңбекақысына сараптама жасайды және  мониторинг жүргізеді. Шаруашылық жүргізу құқығындағы денсаулық сақтау  ұйымдарының басшыларының лауазымдық еңбек ақысын  бекіту бойынша  комиссияның кезекті отырысына арналған материалдарды даярлайды, құжаттар жинайды. Мемлекеттік мекемелер  бойынша хаттармен жұмыс жасайды. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (әрі қарай  – ТМККК) шеңберінде онкологиялық ауруларға  ОАЭР медициналық қызмет көрсету бойынша  келісімшарттың орындалуына хаттама құрайды (форма бойынша). Облыстың  медициналық ұйымдарының қызметіне  экономикалық сараптама жасайды:  сметаны мақсатты және тиімді орындау.   Денсаулық сақтау ұйымдарының 19 мекемесінің қызметтерін қарастырады және сараптайды. Облыстың медициналық ұйымдарына әдістемелік көмек көрсетеді.Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемді жоспарлап оны тегін медициналық көмектің кепілдік көрсететін ұйымдарға бөледі, мемлекеттік тапсырыс бойынша  базалық ставканыңесептік калькуляциясын құрайды. Бюджеттік  бағдарлама аясында медициналық көмек лоттары мен медициналық көмек түрлері бойынша бюджеттік қаржыны бөледі. Мемлекеттік тапсырысты орындаудың мониторингісі негізінде ұйымдар айырмашылықтарында қаржыландыру көлемін коррециялайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар

  • уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш;
  • 3х4 үлгідегі түрлі  түсті  суретпен  нысанда толтырылған
    «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі;
  • білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

«Болашақ» халықаралық степендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралықстепендиясын иеленушілерге берілген білімітуралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың  көшірмесі қоса беріледі.

Өзара  тану және баламалығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

  • еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылғаннемесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшірмесі;
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
  • Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландырылатынқұжаттың көшірмесі;
  • құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
  • конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму

министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі  №272  бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылдың 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген « Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік дамуминистрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272  бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылдың 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

Осы 3),4),5),7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқаларымен салыстырып тексереді.

Жоғарыда көрсетілген құжаттар осы жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап
7 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Қарағанды облысы денсаулық сақтау  басқармасы» ММқұжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы нехабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде  тапсырады.

Құжаттар электронды түрде «Қарағанды облысы денсаулық сақтау  басқармасы» ММ электрондық почтасы не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi  әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне  қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы  құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар  және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үшжұмыс күн ішінде «Қарағанды облысы денсаулық сақтау  басқармасы» ММ өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отрысына байқаушылар шақырылады, сондай-ақ тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік органның басшылығының келісімімен, конкурстық комиссияның отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Нысан

Өтініш

Мені________________________________________________________

____________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына

 қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс

өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және

орындауға міндеттеме аламын.

   Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

   Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс

телефоны___________________________________

__________________________________________________________________

________              ____________________________________

(қолы)                   (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

Нысан

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

_____________________________________________
тегі, атыжәнеәкесініңаты (болғанжағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения

 

2.

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)

 

3.

Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения

 

4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы(болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

5.

Шетел тілдерін білуі/


Артқа қайту