Жаңалықтар


13.04.2021

Ораза кезінде коронавирусқа қарсы вакцина салуға бола ма?

- Егер екпе терінің астына бұлшықетке салынса, ораза бұзылмайды. Жалпы, пенициллин, инсулин, вакцина, ауырсыну мен қызуды басатын препараттар мен дәрумендер қолданылған жағдайда ораза бұзылмайды. Қазір ислам ғалымдарының көбісі екпе арқылы денеге салынатын дәрі-дәрмекке ем және адам ағзасына қажетті энергия ретінде қарайды. Ал көктамырға салынатын екпеге қатысты ортақ бір шешім жоқ. Сол сияқты ПТР-тест оразаны бұзбайды. Өйткені тест құрғақ күйінде тамақтан және мұрын қуысынан алынады. Ішке қарай ешқандай дәрі немесе сұйықтық өтпейді.

Артқа қайту